Қос жанарың – тіршілігің өмірің

Көз – оптикалық  жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы  ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен – шыны тәрізді денемен толған.
Көз « объективі » – фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.
Торламадағы кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа , яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты . Бұл бұрышты- көру бұрышы деп атайды. Нәрсе неғұрлым алыстаған сайын оның көз торындағы кескіннің өлшемі кішірейе береді және көрі бұрышы кемиді. Көздің оптикалық жүйесінде нәрсе қалай орналасса да, көз торламасында кескін алуды қамтамасыз ететін тамаша, өмірлік маңызды қасиет бар. Көз бұршығының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиет аккомодация деп аталады.
Нәрсе көзден 12 см қашықтықта болғанда, аккомодация шегіне жетеді.  Кірпік бұлшық етінің босаңсуы көзінде көздің көретін нүктесі алыс нүкте деп аталады. Көзге көп күш салу арқылы көрінетін нүкте жақын нүкте деп аталады. Сау көз үшін алыс нүкте – шексіз алыста, жақын нүкте – көзден 15-20 см шамасындағы қашықтықта жатады.

Егер көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса , онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіштікте көз алмасы ұзарып, көз бұршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нәрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нәрсенің анық кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады.

Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірақ кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшық еттердің босаңсуынан

Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы —тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді.

Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабықпигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.[1] (слайд көздің құрылысы)

Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.

  1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;
  2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
  3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
  4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
  5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
  6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
  7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
  8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
  9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
  10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
  11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.[1]

Сіздер қалай ойлайсыздар, жануарлардың ішінде ең өткір көздісі қандай жануар? Ең өткір көз- бүркітте. Ол биікте бұлттар арасында ұшып жүріп төмендегі өзінің жемін тауып , аулайды. Түнде көзі өте қатты көретін –жапалақ. Ол тышқанды тас қараңғыда іздеп таба алады. ( слайд бүркіт, жапалақ)

Адамның көзі  бүркіт сияқты өткір емес.Сонымен қатар ол  түнде қараңғыда  жапалақ сияқты көре алмайды. Бірақ  көз адамның басты көмекшісі.

Офтальмология –  көз және оның аурулары туралы ғылым.

Барды  бар кезінде бағалай алмаймыз. Бізге – ақпарат пен Интернеттің әуесқойларына көздің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз онымен бәрін істейміз – көреміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз. Ал олар жұмыс істейді ! Әрдайым.

Ендеше сізге көзіңіз туралы қызықты факторларды ұсынамын:

  1. Жағымды заттарды көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.
  2. Адам көзінің мүйізгек қабығы акуланыкына қатты ұқсаганы сонша,акуланың мүйізгек қабығын көзге ота жасағанда алмастырушы ретінде пайдаланады.
  3. Көзді ашып тұрып түшкіру мүмкін емес.
  4. Біздің көзіміз сұрдың шамамен 500 реңкін ажырата алады.
  5. Әр көз 107 миллион жасушадан тұрады және олардың жарыққа сезімтал.
  6. Адамның көзі тек үш спектрдің ғана аумағын қабылдай алады: қызыл, көк және жасыл. Қалған түстер осы түстердің үйлесімі болып саналады.
  7. Адам көзінің диаметрі шамамен 2,5см, салмағы 8 гр.
  8. Барлық бұлшық еттердің ішінде көзді бақылайтын бұлшық еттер ең белсенділері.
  9. Адам көзінің көлемі туғанда қандай болса, қартайғанша сол қалыпты сақтайды, ал құлақ пен мұрын өсуін тоқтатпайды.
  10. Көз алмасының 1/6 бөлігі ғана көрінеді.
  11. Орташа есеппен алғанда, біз бүкіл өмірімізде 24 миллионнан астам әртүрлі сурет көреді екенбіз.
  12. Саусақ таңбаларының ерекше 40 сипаты болса, көздің сыртқы мөлдір қабығы 256 сипаттамаға ие. Сол себепті көздің ішкі тор қабығын түсіру қауіпсіздік мақсатында қолданылады.
  13. «Көзді ашып – жұмғанша» демекші, көзді бақылайтын бұлшық ет денедегі ең жылдам бұлшық ет. Жыпылықтау шамамен 100 – 150 миллисекундқа созылады және сіз де көзіңізді бір секунтта бес рет жыпылықтата аласыз.
  14. Көз миға сағат сайын көп ақпарат беріп отырады. Бұл каналдың қажетті орындау мүмкіншілігі бір үлкен қаланың интернет – провайдерінің каналдарымен салыстыруға келеді.
  15. Біздің көзіміз бір секундтың ішінде шамамен 50 затты көре алады.
  16. Біздің миымызға жіберілген сурет шындығында төңкерілген.
  17. Көз адам миын басқа дене мүшелеріне қарағанда көп шаршатады.
  18. Әрбір кірпік шамамен бес ай өмір сүреді.
  19. Шамамен 10 000 жыл Қара теңіз аумағында тұратын адамдардың көзінде генетикалық өзгеріс байқалып, осылайша көк көз пайда болғанға дейін барлық адамның көзі қоңыр болған.
  20. Егер суретке түскен кезде жарқылынан тек бір көзіңіз қызыл болып қалса, онда көзіңізде ісік болуы ықтимал (егер екі көз де бір бағытқа қарап тұрған жағдайда). Қуанышқа орай , оның емделіп жазылуы 95%.
  21. Адамдар мен иттер ғана басқалардың көздерінен сыбыр, еске түсірулер іздейді.
  22. Канададан тұратын сиам егіздерде таламусы ортақ екендігі анықталған. Осының арқасында олар бір – бірінің көзімен ойын оқып, көре алады.
  23. Адам көзі бірқалыпты (үзік- үзік емес) қозғалыс жасай алады, егер қозғалып тұрған затқа қарап отырса.
  24. Циклоптар (жалғыз көзді дәу) туралы аңыз ергежейлі өлі пілдердің сүйек қалдықтарын тапқан жерорта теңізі аралдарының халықтарының айтуымен пайда болған. Пілдің бас сүйегі адамның бас сүйегіне қарағанда екі есе үлкен, ал орталық мұрын қуысы көздің шарасы деп жиі қате пікір айтылған.
  25. Ғарышкерлер гравитацияның әсерінен ғарышта жылай алмайды. Жас кішкентай шарға жиналып, көзді жыбырлата бастайды.
  26. Теңіз қарақшылары көзге байлауышты кеменің асты мен үстіңгі ортаны көруді жылдам бейімдеу үшін таққан. Осылайша, олардың бір көзі жарыққа, ал екіншісі қараңғылыққа үйренеді.
  27. Адамның көзі үшін аса «күрделі» түстер болады, оларды мүмкін емес түстер деп атайды.
  28. Жарықтың су арқылы өтетін спектрі болғандықтан, біз нақты түстерді көреміз.
  29. Көз шамамен 550 миллион жыл бұрын дами бастаған. Ең қарапайым көз бір жасушалы жануарлардағы фоторецептор ақуызының бөлігі болған.
  30. Кейде афакиямен ауыратын адамдарда көз бұршағы болмайды, жарықтың ультракүлгін спектрі көргенді ғана айтады.
  31. «Аполлан» миссиясының ғарышкерлері көздерін жұмған кезде жарықтың сызығы мен жарқыл көргендерін айтқан. Кейін анықталғандай, Жер шарынан тыс жерде олардың көздеріне сәуленің түсуі ғарыштық радиацияның әсерінен болған.
  32. Біз көзімізбен емес, миымызбен (көреміз). Сапасыз бейне – ол бұрмалаған сурет қабылдаушы тетік сияқты көздің ауруы.
  33. Көздері көк ақ түсті мысықтардың шамамен 65 –  85% саңырау болып келеді.