Менің досым

Достық – өмір үшін ең қажет нәрсе.. Адамдар арасында достық болмаса, өмір қызықсыз болушы еді. Достық бар жерде сенім мен қолдау болады Өйткені достық адамдарды жақындастырады, біріктіреді.

Жақсы дос – асыл қазына. Ол кешірімді, адал, мейірімді адам. Шын дос әрқашан сені қолдап отырады. Адал досты ақшаға сатып алуға болмайды. Ол өтірік айтпайды, ешқашан мазақтамайды. Достар бір-біріне киын кезде көмектеседі, қамқорлық жасайды. Егер достар бір-бірінің сырын сақтай алмаса, олар шынайы достар емес.

Менің Нұрдәулет деген досым бар. Ол онға толды. Нұрдәулет те мен сияқты спортпен шұғылданады. Сондыңтан екеуміз бірге жаттығамыз.

Біз үнемі тату жүреміз, бір-бірімізге ренжімейміз. Біз бірге сырғанаққа барамыз, шана тебеміз. Жазда футбол ойнаймыз, суға түсеміз. Нұрдаулет сурет жақсы салады. Маған атақшы суретшілер туралы айтып берді. Мен оған математикадан көп таңбалы сандарды бөлуді үйреттім.

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» дегендей, досың көп болса, өмір қызық болады.