Адам өмірін өзгерткен үш жаңалық

Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе-ол әр адамның өзінің жеке мәселесі,жеке өмірі.Адам өзінің өмірін өзгерте алады.Егер өзін сабырлы,өзіне сенімді болып нық ұстаса.Бұл өмірде адамға дайындалған көп тосын сый бар.Ол тосын сый адам өмірін бір сәтте өзгертіп жіберуі мүмкін.Мысалға адам өмірін үш жаңалық өзгертетін болса,мен оған мына жаңалықтарды алатын едім.Біріншісі;ғылыми техника,екіншісі;әл-ауқат,үшіншісі;заман тұрмысы.Ғылыми техникаға тоқталатын болсақ,қазіргі заманда әрбір адамның қолында бір-бір смартфон,ноутбуктен бар.Бұрынғы кезде адам бос уақытында кітап оқушы еді,ал қазір қолы босай қалса,телефонға кіріп кетеді.Келесі әл-ауқат.Қазіргі заманда адам тұрмысы айтарлықтай жаман емес.Халықтың әл-ауқатының деңгейі ағымдағы табысқа ғана емес,сонымен бірге қалдырылған мүліктің мөлшеріне де байланысты.Ал заман тұрмысына келсек,екінші жаңалықта айтып кеткендей,заман тұрмысы жақсы деңгейде.Себебі заманға сай үйлердің құрылысы,тағы да басқа тұрмыстар заманға сай салынған.Қорытындылай келе,адам өз өмірін өзгерте
алады.Себебі адамның өз өмірі өз қолында.