Әкемнен үйренгем

«Әкең- асқар тауың, анаң-шалқар көлің»- дегендей әке мен ана әрбір адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде мен әке туралы айтқым келеді. Менің әкем   өз шаңырағының бар ауыртпалығын көтеретін, асырып бағуды, жақсы тәлім-тәрбие беруді  өз  міндетіне алған адам. Отбасында әкенің орны ерекше. Менің  әкем өз балаларын  жақсылыққа тәрбиелеп, ешкімнің ала жібін аттамай, адал өмір сүруге және тек жақсы болашаққа ғана жол көрсетеді. Мысалға менің әкем мен үшін кез-келген нәрсе істеуге дайын. Мені үшін «керемет» адам қылып жеткізу үшін еңбек етіп жатыр. Сондықтан да мен әкемді бәрінен де бірінші сыйлаймын. Әкем үшін, отбасым үшін мен өмір сүріп жатырмын. Әрине бәрі тек өзі үшін өмір сүреді, бірақ мен өз отбасымды, әсіресе әкем  мен анамды бақытты қылмай, мен өз бақытты бірінші орынға қоя алмаймын.

Ал енді мен өз әкем туралы сіздерге айтып берейін. Менің әкем адамгершілігі мол, біраз қатал бірақ мейірімді, қамқор, шыншыл, ақылды және мықтыадакм десем болады.Менің әкем негізі әскери адам.  Әскерге барған.  Әскер, қорғаныс, соғыс, әскери стратегия және политика деген сияқты көптеген нәрселерді маған түсіндіріп, үйретіп көрсетеді. Өзінің әскердегі болған кезін айтып отырғанда, мен әскери қызметкерболғым келе бакстады. Әкемнің әскери киім киген кезде, басқа балаларды әскерге үйреткен кезде, менің әскерге деген қызығушылығым артып, әкеме әскери қызметкер болғым келетінің айттым. Міне осылай менің жаңа арманым пайда болып, сол арманымды мақсат қылып, содан жетістік болатына сенімдімін. Әрине Алла бұйыртса, Иншаллах. Мен әкемнің арқасында көп нәрсе үйрендім. Менің осындай әкем барына шүкір деймін.

Қорытындылай келе, кез-келген адамға асқар тау болатындай әке қажет. Мен әкемнің алдында басымды иемін