Туған жерімнің тарихы

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Туған жер оны елімен,өткенмен және болашақпен байланыстырады. Ал менің туған жерім елбасымыз туып өскен, кіндік қаны тамған жер- Шамалған ауылы. Ауылымыз Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан. Шамалған ауылының іргетасы 1910жылы қаланды.1961-1977 жылдары көкөніс-сүт өндіретін  кеңшардың  орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда және округке қарасты Айқым, Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы,ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС «Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты» ЖАҚ-ы орналасқан. 2010 жылы Үшқоңыр болып өзгертілген болатын,алайда 2017жылы Шамалған атауы  қайтарылды.

Қазіргі таңда Шамалған ауылында елбасыға арналған ˵Атамекен˶музейі бар. Музейде елбасымыз Н.Әбішұлының балалық шағы, жастық шағы туралы кеңінен түсінікті көрсетілген. Ауылымызда ˵Қарасай батыр˶ мешіті бар. Сонымен бірге  бес мектеп, аурухана, мәдениет үйі, базар, бірнеше сауда орталығтары бар. Ауылымыздың табиғаты да тамаша. Табиғат аясына  шықсаң, таудың табиғаты көздің жауын алады. Сөзбен жеткізіп айта алмайтын табиғат.

Жақында ауылымызға Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Ол өз ауылдастарына жылы лебізін білдірді. Бір мақтанатыным  мен елбасымыздың қолынан ұстадым. Елбасымыз бізге ақыл-кеңесін, халыққа істеген ізгі істерін айтты. Елбасымызды көруге ауылдың тең жартысы келді.Жақын арада ауылымызда спорт кешені ашылғалы жатыр.Балалар осы жерде жаттығып, Шамалған ауылының Қазақстанның байрағын көкке желбірететініне сенімім мол. Көшелеріміз оқтаудай түзу,  тегіс көшелер салынған. Жасыл желекке бөленген  жол жиектері жасалды.

Әрбір адам өз ауылының тарихын білсе артық болмайды деп білемін. Себебі әрбір адам туған жерінің,ең алғаш мектебін,ауылын ұмытпау керек. Егерде сенің ауылыңды бір адам мақтаса,өзіңе жүрегіңе жақын қабылдайсың және құлағыңа ыстық естіледі.Және де мен осы ауылда туып-өскеніме қуанамын. Барлық адам өзінің туған ауылын мақтана айта алады – деп ойлаймын.