Мамандағыма деген алғашқы қадамым

Кез келген мамандықты алатын болсақ, әрбірінің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары болады. Әрбір адам өсе келе өзінің болашағын ойлай отырып белгілі бір қадамдарға бел буады.

Менің мұғалімдік мамандығына деген қадамдарым кішкентай кезімнен басталды десем артық епес. Биік өкшелі аяқ киім киіп алып үйді арыда-бері айналатынмын. Анам меннен «Болашақта кім боласың?» дегенде «мұғалім» деп айтқаным есімде. Әрине өсе келе болашағымды қазірден бастап қамтамасыз етү үшін ойымды өзгерте бастадым. Өзіміз білетіндей қазіргі таңда мұғалімнің беделі мен дәрежесі тиісті бағамен бағаланбайды Осы себепке байланысты мұғалімдік мамандығын шетке ысырып қойдым.

9-шы сыныпты бітіргенімде колледжге түсуді жөн көрдім. Алматының бар деген барлық колледждерін іздестіріп, ақыры келе осы колледжге тап болдым. Яғни, Алматы мемлекеттік-гуманитарлық педагогикалық колледжіндегі бастауыш сыныпқа білім беру факультеті. Қазіргі таңда осы колледждің 2-ші курс студентімін. Бастапқыда бойымдағы өз-өзіме деген сенімсіздігім күннен күнге ұлғая берді. Сонымен қатар болашағыма күдікпен қарай бастадым. Алайды мектептегі практика кезеңі ойымды түбегейлі өзгертті.

Өмірде қанша адам бар болса сонша түрлі мінез болады. Кей адамдар баланы жанына жақын тартса, бірі қасына жолатқысы да келмейді. Ең алдымен бұл байқау практикасынан білгенім менің балаларға деген махаббатымның есігі ашық екендігі. Осы махаббат арқылы сыныптағы 26 оқушының жүректеріне жол таба білдім.

Маған №13-ші мектеп гимназиясындағы 1«А» сыныбы түсті. Иә, әрине бірінші күндері бойымда қорқыныш сезімі басым болған жоқ. Бірақ, балаларға тез-ақ үйренісіп кеттім. Бір-бірімізге бауыр басқанымыз соншалық, тіпті қайтар уақытта қимастық сезімі пайда болды.

Бұл байқау практикасынан өзіме түйгенім көп. Әрбір баланың тәрбиесі мен тәртібінің іргетасын қалайтын ол-ұстаз. Ұстазға қарап бала бой түзейді. Сол себептен ұстаз өзінің бойындағы бар жақсы қасиеттерді топтастырып, сыныптағы әрбір балаға сіңіре білуі керек. Ұлы ұстаз атану ушін бул практика өте аз. Сол себептен «Мен мақсатыма жетемін» деген ұранды жадымда ұстай отырып, ұстаздыққа (мақсатыма) деген нық қадамымды қазірден бастадым.