Қоқыс-қалауын тапса, кіріс кіреді

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

 «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

 Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Берік Аделя Бекмырзақызы

2 «Ә» сынып

 Тақырыбы: «Қоқыс-қалауын тапса, кіріс кіреді»

 

Ғылыми жетекші: Дүйсен Маржан Қуандыққызы

Бастауыш сынып мұғалімі

2020-2021 оқу жылы

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….. 5

Тарау І. Зерттелетін жұмыстың теориялық аспектілері

  • Тұрмыстық қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері…………….. 7
  • Қоқыс индустриясы…………………………………………………………………….. 9

1.3     Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы………………………………….. 12

Тарау ІІ. Тұрмыстық  қалдықтарды қайта өңдеудегі  тиімді жолдарын  таңдау

2.1    Тұрмыстық  қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорынның тиімділігі…14

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………………………….. 18

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………….  20

Пікір

Бұл зерттеу жұмысы баланың жас ерекшелігіне сай таңдап алынған. Зерттеу барысында әдіс –тәсілдер орынды қолдануы зерттеген жұмысынан байқалды.

Ертеде қоқыстарды өңдеу мәселесі бүгінгідей бірінші орында тұрмаған. Себебі адамдар өз шаруашылығында шығарған өнімдерін өңдемей, түрлі қаптарға қаптамай қолдана берген. Азық-түліктің қалдықтары малға берілетін немесе жерге тыңайтқыш ретінде қолданатын. Қазір халық көбейген сайын, қоқыста көбейіп жатыр.

Баланың туған өлкесінің табиғатына деген жанашырлығы, Баянауыл маңындағы  қоқыс полигонына барғанда көрінді. Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға қандай зиян келтіретіндігі, қоқыстың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы  сызбалар мен суреттер арқылы аша түскен.

Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылатындығына тоқталған. Қоқысты қайта өңдеу арқылы пайда табуға болатындығын аша түскен. Қоқысты қайта өңдеу үшін, оны жәшіктерге сұрыптап салу керектігі сөз етілді. Қоқысты қайта өңдеу үшін кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен қамтамасыз етілуі керектігі  туралы көп іздену  арқылы,  болашақта Баянауылда қоқысты қайта өңдеп, сұрыптауға  арналаған шағын өнеркәсіптің макетін жасады.

Көп ізденіп, өзі жинаған дерекетерді салыстыра, дәлелдеу , қорытынды ұсыныс жасау арқылы мақсатына жеткен.

Жоба жетекшісі:          М.К.Дүйсен

Түйіндеме

Бұл зерттеу жұмысы тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алу және оларды азайтуды,  қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдау және  кәдеге асырудың жолдарын зерттеуге арналған. Қоқысты қайтадан өңдеу арқылы табыс табуға болатындығын көрсету.

Тақырыбым: «Қоқыс-қалауын тапса, кіріс кіреді». Тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысамын. Зерттеу жұмысының нәтижесінде қорытынды жасалып, ұсыныс берілді.

 Аннотация

Данная исследовательская работа предназначена для изучения предотвращения и уменьшения образования твердых бытовых отходов,  а также условий транспортировки и обезвреживания отходов, путей их переработки и утилизаций. Докозательство того, что можно заработать путем переработки мусора.

Тема : «Прибыль при переработке мусора».

Данная работа содержит своеобразный метод иследования. По результатам исследовательской работы составляется заключение и дается рекомендация.

Annotation

The research discusses about prevention of appearance of solid waste and its decrease, the necessity of its control, gathering of such garbage, also transportation of waste and its treatment, and the ways of forming the conversion of waste into useful things.

The theme of work is to find the right way of using waste and derive advantage from it. I will research about my theme. There are given the conclusion and the offering of project work.

 Кіріспе
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыр. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл- қоқыс алаңдарына төгілгені. Күніне мыңдаған туристті қабылдайтын Баянауыл Ұлттық табиғи паркіне  экологиялық қауіп төнді. Әсіресе Жасыбай және Сабындыкөл көлдеріндегі жағдайы алаңдатады. Су қоймалары тартылып жатыр. Өйткені қалың тұнбадан бірқатар суасты бұлақтарының көзі бітеліп қалған. Аймаққа келетін демалушылар саны артып, күл-қоқыс көбейген. Бұл мәселеден соң атмосфера ауасының тазалық сапасының бұрынғы кезден нашарлауы байқалады. Осындай мәселелерді зерттеу үшін осы тақырыпты алдым.

Мақсаты:

  1. 1. Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін танып білу.
  2. Қоқысты қайта өңдеу технологиясын зерттеу.
  3. Ауылымызда қоқысты қайта өңдейтін кәсіпорын ашу мәселесін қарастыру.

Міндеттері:

– Тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

– Қоқысты өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және олардың  экологиялық жағынан тиімдісін анықтау;

– Ауданымыздың тұрмыстық қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау.

Зерттеу жұмысының орындалу әдістері: 

Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдары жайлы деректерді іздестіру, оқып,  жан-жақты танысу, жинақтау, дәлелдеу. Баянауыл маңындағы қоқыс полигонына барып, бақылау жүргізу.

Болжау:

Келешекте  кейінгі жас ұрпақ туған жерінің табиғатын аялап, қоршаған ортаны ластамай, тұрмыстық қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу арқылы, кіріс кіргізеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Демалыста қаладан автобуспен  Баянауылға келе жатқанда, тау болып үйілген және көк түтін болып жанып жатқан  қоқыс қалдықтарын көрдім. Содан кейін: Қоқыс қайдан келеді? Осыншама көп қоқысты қалай азайтуға болады? Қоқыс қалдықтары қоршаған ортаға қалай әсер етеді? деген сұрақтар ойыма келді. Нәтижесінде «Қоқыс –қалауын тапса, кіріс кіреді»  тақырыбында зерттеу тақырыбы туындады. Қоқыстың зияны мен оні қайта өңдеуден пайда табуға болатынын дәледеуге тырыстым.

Зерттеу ауданы: Баянауыл ауылында қоқыстың қайда апарылатынын өз көзіммен көріп,  оның қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерімен танысып, зерттедім.

Зерттеу заты: Баянауыл ауылы маңындағы қоқыс полигоны.

1.1 Тұрмыстық қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.[1] Баянауыл ауылында қалдықтар  тұрмыстық қатты қалдықты сақтау полигонына  төгіп отырады.

Қарапайым мысал келтірсек: өзіміз күнделікті ішетін судың  шығатын көзіне барып, қоқыс тастаймыз. Сол ластанған суды біз пайдаланамыз. Ең алдымен Баянауыл ауылының сыртындағы  арнайы қоқыс – қалдықтарын апаратын жерді айтсақ болады. Тіпті сол қоқыстардың жанынан өтіп бара жатып, жағымсыз иісті де байқадым. Бұл қоқыс төгетін жерлердің санитарлық және экологиялық талаптарға сай емес екенін көрдім. Осы мәселе туралы білу мақсатында мектебіміздің медбикесі  З.О.Сембекпен сұхбаттастым:

– Жердегі кез келген зиянды қосыстар, кеш пе адам ағзасына түсіп жатады. Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп – өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар болуы мүмкін (Сурет 1).

Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі С.Қ.Бохановамен сұхбат: Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал  консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. (Қосымша 1)

Ал, қоқыс қайтадан жер астынан келетін ластанған су, уландыратын шаң ретінде ортамызға оралатынына мән бермейміз, тіпті көпшілікті бұл мәселе алаңдатпайды. Бұл қоқыстар адам үшін қауіпті. Күл-қоқыстарды жел ұшырып, иттер тасып жүреді. Қалдықтар іріп-шіріген кезде пайда болатын заттар атмосфералық ауаны ластандырады, іріп-шіріген қалдықтардың улы заттары жауын суымен шайылып, таралады. Күл-қоқыс қоршаған ортаның эстетикалық түрін бүлдіріп қана қоймай, қаншама зиянын әкеледі [2].

Ғалымдардың зерттеуiнше, пластик ауаға «диоксин» дейтiн улы зат таратады. Сондай-ақ, автокөлiк жөндейтiн, май құятын (ауыстыратын) бекеттерден шығарылатын, кәсiпорындарда, жылу пештерiнде жағармай ретiнде жиi қолданылатын «мазут» дейтiн мұнай қалдығының ыдыстары бар. Ол да табиғат үшiн өте зиянды. Ол төгiлген жерге ешқашан шөп шықпайды(Сурет 2).

Cурет 2. Баянауыл ауылының сыртындағы қоқыс тастайтын полигон

1.2  Қоқыс индустриясы

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттердің қатарында біздің еліміз де бар. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз керек. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуін ескере отырып, елордада қалдықтарды бөлек жинау бойынша іс-шаралар қолға алынған. 2013 жылдан бастап халықтан құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарды жинау және одан әрі пайдаға асыру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр.

Дамыған елдерде қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін. Қоқыс саласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етеді. [1].

Дегенмен, Астанада тұрмыстық қалдықтар сары және жасыл түсті контейнерлерге сұрыпталып тастала бастады. Сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері, органикалық қалдықтар жиналады. Негізгі мақсат – полигонға жиналатын қоқыс көлемін кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы [7].

Еуропалық тәжірибе

Тұрмыстық қалдықтарды жою ісі бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесі мол әрі ауқымды. Аталған елдерде 1980 жылдардың соңынан бастап қалдықтарды залалсыздандыру жаңаша бағыт алды. Нақты айтқанда қоқыстарды пайдаға асыру ісі жолға қойылды. Еуропа тұрғындарының өзін-өзі сыйлайтын кез келген азаматы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап алмай жатып қоқыс жәшігіне тастамайды. Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі бойынша Германия Еуропада алдыңғы орында. Немістердің әрқайсысының пәтерінде қоқыс жинауға арналған кемінде үш түрлі ыдыс болады. Ол кейде тіпті сегізге дейін жетеді.Ескі батарейкалар мен аккумуляторлар ерекше әдіс арқылы жоюды қажет етеді. Себебі онда жоғары токсинді улы заттар бары белгілі. Осы елде кез келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп ақшасын кері қайтарып алуға болады.

Испания елі халқы тұрмыстық қалдықтарды үшке бөліп жинауға әрең көндіге бастаған. Барселонада қоқыс тастауға арналған арнайы терең шұңқырлар бар. Барлық қалдық соған тасталады. Ал кейін арнайы техникамен шығарылып алынады. Ал, ағылшындар қоқыс сұрыптауға қатаң қарайды. Бірақ жиналған жарамсыз қалдық күнделікті жиналмайды. Қоқыс жинау әр ауданда әр түрлі жүзеге асады. Кейбір көшелерде күнделікті жиналса, кейбір шеткі аудандарда екі-үш аптада бір тасиды. Мұнда тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптамағаныңыз үшін айыппұл төлейсіз. Кез келген дүкеннің алдында тағамға арналған, ескі киімдер мен электротехникаға арналған арнайы контейнерлерді көруге болады.

Күн шығыс елінде қоқыс қалдықтарына сұрыптауға өте кірпияз қарайды. Бұл елде тіпті қалдық тастағаны үшін полицияның ескертуін елемеген адамның сотталып кеткенін естісеңіз таң қалмаңыз. Жапондықтар жері шағын елінің экологиясын сақтау үшін барын салады.

Жапонияда тұрмыстық қалдықтарды өртейді, ал одан алынған энергияны жылыту үшін қолданады. Тұрмыстық техникаларды қайта бұзып өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде де әр жапондықтың үйінің алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмасаға арналса, екіншісі тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін.

Қытайда қоқыс жинау өз алдына бір кәсіп. Елдің көптеген тұрғындары күнде таңертең қағаз, шөлмек, пенопласт жинап өңдеуге өткізеді. Және сол үшін ақшасын аладыЕнді бір шаhарларында тұрмыстық қалдық тастайтын бос жер жоқ.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты[7].

1.3  Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыру керек. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар, жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. (I  кесте)

Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

І кесте

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлімайлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады [4].

Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады :

  • Макулатура;
  • Медициналық қалдықтар;
  • Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
    • Ағаш қалдықтары;
  • Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
  • Полимер қалдықтар, пластмассалар;
  • Шыны сынықтары мен қалдықтары;
  • Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар; т.б.

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар ияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді[4].
Жерге түскен жапырақты жерде қалдыру керек. Бұл табиғат ең керемет тыңайтқыш. Бірақ жапырақты жаққан кезде мутагендер және канцерогендер болып табылатын дем алу және жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиянды заттар бөліп шығарады. Қоқысты  өңдеудің 3 жолы бар. Олар : қоқыс пологиндары, қоқысты өртеу, қайта өңдеу. Осылардың ішідегі тиімдісі қоқысты қайта өңдеу. Қоқыс пологиндарына қоқысты көміп тастағанмен , ол жерге көп зиян тигізеді. Ал, қоқысты өртеген кезде ауа зиянды токсиндер бөлінеді[6]. 

2.1    Тұрмыстық  қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорынның тиімділігі

Тұрмыстық қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіру қажет. Осыған орай Баянауыл  ауданында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз.  Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.

Қоқыспен күресуге үшін мен  3 тәсілдің пайдасы мен зиянына тоқталамын:

  1. Қоқыс тастайтын пологиндарды ашумен мәселе шешілмейді. Мен Баянауыл сыртындағы қоқыс полигонына жетекшіммен бардым. Онда бей-берекетшашылған тұрмыстық қоқыс қалдықтарын көрдім. Оны ешкім бақыламайды және жинамайды. Жел болған күндері мындағы целефан пакеттер жан-жаққа ұшып кететінін көрдік. Олар ашық аспан астында жылдар бойы жатады. Ол деген сатып алғаннан кейін бірден қоқыс жәшігіне кететін заттарды сатып алмауға тырысу. Пластикалық бөтелкеден қарағанда шыны ыдыстағыны сатып алу. Қорабы қатты үлкен затқа емес, жұқа қапталған затты сатып алу. Зерттеген тақырыбымды ашу үшін тәжірибе жасадым. Бұл тәжірибені жасау үшін алдымен  сусынның бос пластикалық бөтелкесін алдым. Алдымен оған қайнаған су құйыдым, біраз уақыттан соң бөтелке алғашқы пішінінен айырыла бастады. Нәтижесінде бөтелке кішірейіп қалды. Екінші тәжірибемде жарты литрлік пластикалық бөтелкені жанып тұрған пешке салдым, 10 минуттан соң бөтелкені оттан алдым. Нәтижесінде бөтелке балқып кетіпті, бірақ толық жанбапты. Қара  күйген платикка айналып калған.  Сондықтан табиғатқа серуендеуге шыққанда бір реттік ыдысты емес, шыны кеселер мен ыдыстарды алу керек (Сурет 3).

2 .Заттардың сырттарын, қораптарын екінші мәрте пайдалану. Бір реттік стакандарды және бөтелкелерді кесіп көшеттер отырғызуға; гүл отырғызатын гүлзарларды әсемдеуге пайдалануға болады. Көліктердің доңғалақтарын да жақпай тұрмыстық жағдайда пайдалануға болады. Алысқа бармай, өзіміздің мектебіміздің алдында жасалған әсем гүл салатын мүсіндерді жасадық

Қоқысты қайта өңдеудің алғы шарты оны сұрыптап жинау керек. Егер қағаз жеке жиналса ( 1 тонна макулатура 17 ағашты амал алып қалады, ол деген атмосфераға  27 килограмм ластағыш заттар бөлінбейді деген сөз). Тамақ қалдықтарын жеке жинау. Жиналған заттарды қайта өңдеу үшін оны қабылдайтын кәсіпорын керек. Бүгінгі сайыста қорғалып отырған мәселе тек біздің ауданымызда, елімізде ғана өзекті емес. Әлемде қатты қалдықтарды өңдеудің өзіндік әдістері бар.  Егер келешекте қоқысты қайта өңдемесек Баянауыл аулында қоқыс үйіндісі тау болып өседі.   Оны болдырмау үшін мен  Баянауылда қоқысты қайта өндетейтін және сұрыптайтын кешеннің макетін жасадым. Бұл кәсіпорында қалдықтар 200 градус температурада балқытылады. Қатты қысымның әсерінен резеңке, полимерлер және басқа органикалық заттар кеңейеді, ал тірі микроағзалар, бактериялар және саңырауқұлақтар өледі. Химиялық процестің арқысында түзілген  барлық газдар мен булар газтазартқышқа жинпалып, жылу энергиясын алуға пайдаланылады. Сондықтан ауаға ешқандай зиянды заттар тарамайды.Бұл кәсіпорында  балқытылған қалдықтарды кептіреді және бір форомаға келтіреді.

Макет жасау барысында біз қолданылған заттарды пайдаландық. Себебі, осы арқылы мен қоршаған ортаны қорғауға қосқам кішкене үлесім болсын деп ойладым. Себебі, 1 тонна қағаз шығару үшін, 17 түп ағаш оталатынын білдім. Ол үшін мен бір жұмада, үйде тасталатын қоқыс қалдықтарын жинадым. Макет жасау үшін маған  42 см болатын ДСП тақтайша, жаңа теледидар қорабынан шыққан пенопласт және түрлі-түсті бояулар, қаңылтыр пайдаландым.Кешен  қоқысты сұрыптайды және пластикалық бөтелкелерді, шыныны престеп, шикізаттан қайта зат жасау үшін басқа зауыттарға сатуға болады. Пластиктен флексалар (ұсақ бөлшекті пластмасса) мен түйіршіктер және  орама тілімін жасасақ, қағазды экомақтаға (жылытқыш) айналдырсақ сонда, қоршаған ортаны қорғап, ақша табуға болар еді (Сурет 5).

Сурет 4 .Макет

Жаңадан алынған заттардан іргеге және еденге арналған төсемелер  және жолдар мен тратуарларға, үйдің төбесін жабатын черепица жасауға болады (Сурет 4). Осындай эксперименталды кәсіпорынды ашу үшін– 5 млн. теңге қаражат керек екен. Мұндай кәсіпорынның жұмыс жасауы үшін жеке кәсіпкерлерді тарту керек.

Мен бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен жазып шықтым.Осыған орай мен сауалнама жүргізген едім. Мектебіміздің 2-3 сынып оқушыларынан сауалнама алдым. Сауалнама сұрақтары мынандай еді:

  1. Сен қағаз қалдықтарын, макулатура жинайсың ба?
  2. Сен бос шыны ыдыстарын жинайсың ба?
  3. Сен жазу үшін қағаздың екі жағында пайдаланасың ба?

4.Сен қысқарып қалған, ескі киімдеріңді, аяқ киімдеріңді біреуге бересің бе?

5.Сен мектеп мүлкіне ұқыпты қарайсың ба?

Сараптаманың нәтижелері:

  1. Қағаз қалдықтарын, макулатураны жинап, тапсыратындар саны 8%.
  2. Бос шыны ыдыстарын жинайтындар 15 %.
  3. Жазу үшін қағаздың екі жағын пайдаланатындар 37%.
  4. Қысқарып қалған киімдерін, ескі киімдерін біреулерге беретіндер 80%.
  5. Мектеп мүлкіне ұқыпты қарайтындар 95% көрсеткішті көрсетті.

Сурет 5. Пластиктен флексалар (ұсақ бөлшекті пластмасса) мен түйіршіктер жасау сәті. 

Қорытынды:

«Қоқыс-қалауын тапса, кіріс кіреді» тақырыбын зерттей келе, қоқыс мәселесін қазіргі уақыттан бастап шешу керек, және әр адам тазалықты бірінші өзінің үйінен, ауласынан, мектебінен  бастау керек. Тақырыпты зерттеу барысында қоқысты жоюдың ең тиімді тәсілі, оны қайта өңдеу екенін түсіндім. Ол үшін Баянауылда қоқысты қайта өңдейтін кәсіпорын ашсылса, қоршаған ортаны қоқыстан Тұрмыстық қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін білдім. Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, көктемде отырғызу керек. Демалуға келген туристтерден табиғатымызды таза ұстау үшін түсіндіру жұмыстармен айналысу керек. Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін  ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Ал дәл қазіргі уақытта бұл мәселені шешу үшін полигоныға әкелінетін қоқысты бей берекет шашпай, оны қадағалайтын адамдар болу керек деп ойлаймын.

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіптің керектігіне көзіміз жетті.

Ауылымыздың болашағы кейінгі ұрпақ- біздің қолымызда. Осы ғылыми жұмысты жазу барысында , мынандай ұсыныстарды тізіп айтқым келеді.

1.Ауылымызда қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорыны жұмыс істесе.

  1. Көшелерде қоқыс түрлеріне қарай (картон, шыны,тамақ қалдықтары,темір т.б

арнайы ыдыстар болса.

3.Балабақшадан бастап мектеп жасындағы балаларға тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалануға, үнемдеуге тәрбиелейтін қосымша үйірмелер болса.

4.Осы қалдықтардан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырса.

Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық.

Қосымша 1

Қоқыстың сақталу кестесі

1 Қағаз 2-10 жыл
2 Консерві қалбыры (күйдірілмеген ) Шамамен 90 жыл
3 Полиэтилен пакет Шамамен 200 жыл
4 Пластмасса Шамамен 500 жыл
5 Әйнек Шамамен 1000 жыл
6 Картон 10 жылға дейін
7 Жүн, жүннен жасалған маталар 30 жылға дейін