Жеті жұрттың тілін біл

Тақырыбы: «Жеті жұрттың тілін біл» жобасы аясында  ағылшын тілін оқытуда  термин сөздерді қолдану дағдыларын қалыптастыру»

 

 

Бағыты:  Тіл білімі (Шет тілі бірлестігі ағылшын тілі)

Орындаушы:  №12ЖББОМ  7 «А»сынып оқушысы   Нұрбаева Айдана

Ғылыми жетекші:  Ағылшын пәнінің мұғалімі:  Алкеева Т.А

Қарағанды қаласы 2018 жыл

Аңдатпа:  Оқушылардың  тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.

 

Аннотация: Расширение и углубление знаний студентов о языке. Улучшение способности выразить свою точку зрения, выразить свое мнение, улучшить устные навыки и обогатить словарный запас

 

Annotation: Expansion and deepening of students’ knowledge about the language. Improving the ability to express one’s point of view, express one’s opinion, improve verbal skills and enrich vocabulary

Күтілетін нәтижелер:

Жоба қорғау барысында оқушылар болашақ азамат ретінде икемдік, қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын қорытындылап, дәлелдеп береді.

 
Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасауды болжайды: барлық жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру; кадрларды даярлаудың, оқу процесін әдістемелік және оқу құралдарымен қамтамасыз етудің икемді жүйесін жасау қажет. Қазіргі таңда көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік.

Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу – ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей – өнер-бiлiмді меңгеру.

Бұл ретте, қазақ тілін меңгергендердің ағылшын тілін меңгеруі оңай екенін білу маңызды. Бұл мемлекеттік тілді насихаттау мәселесі емес, әртүрлі объективтік көрсеткіштерді растайтын факті. Мысалы, жалпы әлемдік тілдерге түркі тілдері 26 мың сөз сыйлаған болса, ағылшын тілінде шамамен 4500 мың түркі тілдерінен енген сөздер кездеседі.  Әлем тілдерін грамматикалық жағынан қарастыра отырып, адам ойының процесінің өзін реттейтін логикалық заңдар барлық тілдер үшін бірдей, ал әрбір тіл үшін грамматиканың әртүрлі екеніне көз жеткіземіз.  Ағылшын тілінде   сөз жасаудың  өзіндік тәсілі бар. Инфинитивтен оған –ing жалғауын қосу арқылы «ингтік» деп аталатын нысандағы ағылшын тілінің ең жиі қолданылатын нысаны пайда болады.
Инфинитивге жалғанған -er (кейде -оr) жұрнағы көп жағдайда іс-әрекетті жасауды білдіреді: to read – reader (оқу – оқырман), to write – writer (жазу – жазушы), to work – worker (жұмыс – жұмысшы), to sail – sailor (жүзу – теңізші) және т.б. Сөзге жаңа лексикалық мән беретін жұрнақ қазақ тілінде ең жиі таралған сөз жасайтын аффикс болып табылады. Ол сөзжасамда оңай байқалады. Мысалы, -шы, -ші: жұмыс – жұмысшы, оқу – оқушы, жазу – жазушы және т.б.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың да саны бірдей деп айтуға болады: қазақ тілінде олар 25, ал ағылшын тілінде – 24. Дауысты дыбыстар бұл екі тілде де бірдей. Қазақ тіліндегі сияқты ағылшын тілінде дыбысты дұрыс айтпау сөздерің мағынасының өзгеруіне алып келеді.
Бұл тілдер арасында сондай-ақ кейбір ерекшеліктер де бар. Орыс тіліндегі «род санаты» ағылшын тілінде әдетте тек жақты, өзіндік есімдікті және ерекшелік түрінде кейбір жануарлар мен заттарды білдіреді. Адамға қатысты зат есім («Who is this?» – «Бұл кім?» сұрағына жауап береді) орыс тіліндегідей «мужской род» (сәйкесінше «he, his  – ол, оның» есімдігі) және «женский род» (сәйкесінше «she, her – ол, оның» есімдігі) түрінде болады. Ал қазақ тілінде «род санаты» деген ұғым жоқ, сондықтан сөйлемнің мағынасына байланысты сын есім, есімдік немесе сан есім ағылшын тіліне әртүрлі аударылуы мүмкін.
«To be» етістігі ағылшын тілінде міндетті түрде қолданылады, ал қазақ тілінде ол жоқ.
Бірақ ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға қатысты тілдің ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтыны жасырын емес. Белгілі қазақ лингвист ғалымы Қ.Жұбанов былай деп айтқан: «Бір тілде басқа тілдің қандай да бір сөзімен мәні бойынша дәл қатар келетін сөздер сирек кездеседі. Мәселен, орыс тілінде «пастух» деген ұғым болатын болса, қазақ тілінде «қойшы», «жылқышы», «сиыршы» деп бөлініп көрсетіледі, сол сияқты орыс тіліндегі «тетя» сөзі қазақ тілінде «апа» да «тәте» де және «жеңеше» де болуы мүмкін. Күрделі болғанына қарамастан кез келген орыс тіліндегі сөйлем қазақ тіліне бір сөйлеммен аударылуы мүмкін. Алайда, мұндай сөзбе сөз аударма стилдің дәлдігін ғана емес, сонымен қатар оның мәнін де беруі мүмкін емес».
Тағы бір күрделілік – фразеологиялық сөздерді аударудың мүмкін еместігі немесе дәлсіздігі. Ағылшын тілінен фразеологизмдерді басқа тілдерге аудару әрқашан мұндай конструкциялардың семантикалық тұтастығы мен күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Мысалы, «to get out of bed on the wrong side» – «сол аяғынан тұру»; «fish begins to stink (or stinks) at the head» – «балық басынан шіриді»; «nothing is stolen without hands» – «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Алайда, осындай қиыншылықтар кез келген тіл жұптарында туындайтынын түсіну өте маңызды.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды.

Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар .Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Шет тілдерден сөздердің ену сипаты əр түрлі болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Мысалы, ағылшын тілінен қазақ тілдеріне енген сөздерді осы сөздер арқылы белгіленген жаңа ұғымдардан бөліп қарауға болмайды. Бұл жаңа сөздердің жаңа ұғымдармен бірге енгені əркімге аян.Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады. Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді.

. Мысалы, ағылшын тілінің рельс деген сөзі ағылшынша көптік жалғаулы сөз болғанмен ( ағылшын тілінде жекеше түрі – rail, көпше түрі – rails ), қазақ тілінде жекеше түрінде ұғынылып, көпше түрде қолдану қажет болғанда, оған көптік жалғауы жалғанады ( қазақша – рельстер ).   Англицизмдердің енуі, сондай-ақ кейде оларды жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы ағылшын тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңейді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тəсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады. Міне, бұл тəсілдер тілдің лексикасының баю жолдарының ең басты тəсілдері болып табылады. Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаңа сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеңіл əрі тез əзірленетін тағам, week end – уик энд – демалыс күндер, party – парти – сауық кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес əйелі, юзер – Xолданушы, computer system – компьютерлік жүйе, computer center – компьютер орталығы т.б.

Англицизмдер сөзжасамдық калькалау (макроұя, кодтану), сондай-ақ синтаксистік-морфологиялық, семантикалық, морфологиялық тəсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Англицизмдер төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамында бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Англицизмдер тілдің лексикалық құрамына ауызша жəне жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген англицизмдер ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс кcндер ), price list – прайслист, hot dog – хот-дог, , computer system — компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б.

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты

. 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мəні зор.Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-əрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышқаннын клавишін басу), Internet-браузер, Internet-магазин, Internet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, геймдеу(game- ойын), виндузда жjмыс істеу (Windowsпен жұмыс істеу) т.б. Қазіргі тіл білімі ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек күніне 300 сөз қазақ тіліне енеді екен. Ол сөздердің басымы ағылшын тілінен енген. Ресей ғалымдарының пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан газет, журнал бетінде кездесетін мəтіндерді оқу үшін алдымен ағылшын тілін оқыту мəселесі өзекті болып келеді. Көптеген тарихи жағдайларға байланысты қазақ тіліне шетел тілінен кірген сөздердің ауысуы дəнекер тіл орыс тілі арқылы жүзеге асады. Шетел тілінен енген сөздер ғылым мен əртүрлі халықаралық деңгейде іске асып жатқан шаралардың негізінде көптеп енуде. Бұл туралы А. Исланова «Шетел сөздердің белгілері мен деректері» атты еңбегінде атап, жұмыс барысында қазақ тіліне енген шетел сөздеріне толық сипат береді. Англицизмдерді дыбыстық құрамдық өзгерістерімен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Қазақ тіліндегі шетел сөздерінің көптеп енуін халықтың ғаламторды кеңінен пайдалануын айтуға болады. Олар орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп тілдік қолданысқа енген ағылшын сөздері. Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сөздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп жүр. Тілдік варианттардың біріне осы шетел сөздерін жатқызуға болады. Н.Уəлиұлы «біршама уақыт бəсекелесе қолданыла келген шеттілдік сөздер, ендігі жерде балама сөзге орын берді.Қорыта келгенде:  кейбір терминдердің, шетелдік сөздердің қазақ тіліне аударылып қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Керісінше тіліміздің сөзді қоры кеңейіп, кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. Қазақ тілінде кездесетін осы сияқты сөздер тілдердің өзара əсерінен пайда болады. Тəуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тану, сөйлеу мəдениетін көтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті бүгінгі күннің келелі мəселерінің бірі болып отыр. Болашақта жаһандану үдерісінде елдігімізді сақтап қалу үшін ана тіліміздің мəселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан қазақ тіліндегі шетел сөздерінің соның ішінде, əсіресе ағылшын тілінің элементтеріне саралау қажет деп ойлаймыз.

hot dog хот дог
yogurt йогурт
pudding пудинг
fast food фаст – фуд
presentation презентация
distributor дистрибьютер
 calculator калькулятор