Daryn.asia – халықаралық, үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы қаңтар айына байқау жариялайды!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНА ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

Daryn.asia – халықаралық, үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы, оқушылардың дарыны мен қабілетін шыңдауға арналған, шығармашылық және арнайы пәндік бағыттағы байқауға мұғалімдерді және мектеп оқушыларын, балабақша тәрбиеленушілерін, колледж және ЖОО студенттерін қатысуға шақырады. Байқау мақсаты: байқауға қатысушы оқушылардың дарыны мен қабілетін шыңдау, арнайы пәндер бойынша қосымша білім беру және оқушыны тәрбиеге, білімге, өнерге баулу.

Байқаудың жұмыстары 11-қаңтардан бастап, 26-қаңтар күні 23:30-ға дейін қабылданады. Қорытынды 1-ақпан жіберіледі

Барлық қатысушы міндетті түрде үш тілде жазылған (қазақ, ағылшын, орыс) І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Сонымен қатар барлық оқушылардың жетекшілеріне міндетті түрде алғыс хат беріледі. Барлық қатысушыларға үш тілде жазылған, үш диплом марапаты беріледі. Байқау жұмыстары үш тілдің бірінде қабылданады. Үш тілге аудару міндетті емес.

Әр қатысушы жұмысына жарна құны 1000 теңге, мұғалімге 2000 теңге. Қатысушылар саны 5 оқушыдан асқан мұғалімдерге ұстаздар байқауына тегін қатысу мүмкіндігі беріледі

Бағалау критерийлері: Жұмыстар материалдың толықтығына, тақырыпты қамтуына, ой ұшқырлығы мен ақпараттық мазмұнына, жұмыстың сапасы мен сауатты жазылуына қарай бағаланады.

Байқау талаптары:

  1. Қатысушы жұмыстарын darynasia@mail.ru немесе WhatsApp (+7 777 846 11 00) номеріне жібере алады
  2. Қатысушы жайлы мәліметтерді сұраныс кестесіне (анкета) толтыру қажет
  3. Байқауға қатысу үшін төлем жасап, төлем түбіртегін (чегін) почтаға немесе whatsapp номеріне жібереді.
  4. Ескерту: Сұраныс кестесін почтаға, чекті whatsapp-қа бөліп жіберуге болмайды! Қатысушы жұмысын, сұраныс кестесін (анкета) және төлем түбіртегін (чегін) барлығын бір жерге жіберуі тиіс!

Реквизиттер:

KASPI GOLD карта номері: 4400 4301 3323 9365 (Әсел Оңғарқызы)

KASPI GOLD тіркелген тел номер : + 7 777 846 11 00 (Әсел Оңғарқызы)

BEELINE номеріне бірлік (баланс) салу : + 7 777 846 11 00

QIWI кошелек : + 7 777 846 11 00

Оқушыларға арналған шығармашылық байқаулар

  • Бақытты отбасы (Отбасы тақырыбында ән, сурет, өлең, шығарма немесе отбасымен бірге түскен фотосын жібереді)
  • Мұқағали – ғасыр ақыны (М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай өлең, эссе, шығарма, сурет жібереді)
  • Қош келдің, Жаңа жыл! (тақырыпқа сай өлең, тақпақ, сурет, эссе, шығарма, мерекелік естелік фотоларымен бөліседі)
  • Абай әлемі (А. Құнанбайұлының 175 жылдығына өлеңдерін жатқа оқу, қара сөзінен үзінді оқу)
  • Мемлекеттік рәміздер (кез келген бір мемлекеттің туы немесе елтаңбасы суретін салады)
  • Жаңа жылға жоспарым (Қатысушы жаңа жылға деген жоспарымен бөлісіп шығарма жазады)
  • Жас ақын (Еркін тақырыпта шығарылған өлеңдер қабылданады)
  • Көркем жазу (Оқушы А. Байтұрсыновтың «Жұртыма» өлеңін дәптерге немесе ақ параққа көшіріп жазады)
  • Қыс көрінісі (Қыс мезгілі жайлы эссе, шығарма, өлең, сурет немесе аққаламен фотосы қабылданады)
  • Әрқашан күн сөнбесін! (тақырып аясында эссе, өлең, шығарма, қолөнер немесе сурет салады)
  • Қолөнер шебері (қатысуы өзі жасаған қолөнер бұйымын фотоға түсіріп жібереді)
  • Сүйікті мультфильм кейіпкерім (кез келген мультфильм кейіпкерінің суретін салады немесе киімімен фотоға түседі)
  • Интернетсіз бір күн (ғаламторсыз өткен бір күнінен шығарма, фото,видео түрінде бөліседі)
  • Бала дауысы (Еркін тақырыпта ән орындап, видео түрінде жібереді)
  • Спорт – денсаулық кепілі (спорттық дарыны және жетістіктерімен фото, видео түрінде бөліседі)
  • Балабақша әлемі (Тәрбиеленушілердің барлық жұмыстарын жібере аласыз: сурет, тақпақ, ән-би )
  • Ғажайып сурет әлемінде (қатысушы еркін тақырыпта сурет салып фотоға түсіріп жібереді)
  • Жас ғалым (қатысушы еркін тақырыпта ғылыми жұмысын жібереді) 

Оқушыларға  арналған пәндік байқаулар:

  • География (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Биология (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Физика (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Химия (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Қазақ тілі және әдебиеті (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Жалпы тарих (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)
  • Қатысушы өзі таңдаған пән (Ғылыми жұмыс, лабараториялық жұмыс, сабақ конспекті)

Ұстаздарға арналған байқаулар:

  • Шебер педагог
  • Абай оқулары
  • Менің мамандығым – тәрбиеші
  • Ең үздік сынып жетекші
  • Қызықты ашық сабақ
  • Үздік презентация

Ахмет Байтұрсынов «Жұртыма» 

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,

Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.

Сияқты қара қарға шуылдаған

Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.

Білмейсің жөнің менен терісіңді,

Ел болып іс етпейсің келісімді.

Үміт қып бәйге атындай талай қосып,

Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,

Шығасың қолыңа ала керісіңді.

Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,

Көрдік қой жайылатын өрісіңді.